×
520.39
609.58
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.39
609.58
6.63

Өзбекстандық лоукостер My Freighter Қазақстанға рейс ашады

03.05.2025, 12:53
Өзбекстандық лоукостер My Freighter Қазақстанға рейс ашады
Ашық дереккөзден

2025 жылғы 5 мамырдан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстаннан келген жаңа әуе компания — My Freighter (Centrum Air) лоукостері қосылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстанның Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл әуе компаниясы Ташкент – Алматы бағытында аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.

2025 жылғы 6 маусымнан бастап жұма күнгі қосымша рейс енгізіледі. Осылайша, аптасына үш рет ұшады.

— Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары