×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Шымкенттегі қастандық: Руслан Берденов жансақтау бөліміне ауыстырылды

Бүгін, 12:42
Шымкенттегі қастандық: Руслан Берденов жансақтау бөліміне ауыстырылды
parlam.kz

Мәжілістің бұрынғы депутаты, Respublica партиясының мүшесі Динара Шүкіжанова Руслан Берденовке жасалған қастандықтан кейін оның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Шүкіжанова әлеуметтік желіде партияның бірнеше мүшесінің Шымкентке барып, Берденовпен кездесуге тырысқанын жазды.

Оның айтуынша, шенеунік қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

– Досымыздың халін сұрап, сауығып кетуіне тілектес болу үшін келдік. Русланның жағдайы жақсарып келеді, бірақ әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, – деп жазды ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Оқиға 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында болды. Руслан Берденовтің оң жақ жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ деп бағаланды.

Оқ атқан адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шымкент полициясы қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Инсайдер Ербол Еділов таратқан мәлімет бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны, 1994 жылы туған "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін азамат, әкімдік ғимаратының жанында қызметтесі — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов Руслан Арысбекұлына оқ атқан.

ӘЙЕЛІН ҚОРҒАҒЫСЫ КЕЛГЕНІ РАС ПА?

Күдіктінің айтуынша, Руслан Берденов оның 1995 жылғы жұбайын мазалап, орынсыз әрекеттер жасаған. Әйелі қазір жұмыссыз.

Ақпан айында Берденов Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында мандатынан бас тарту себебін жасырмай айтып берген болатын.

Серіктес жаңалықтары