×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Бишімбаевқа үкім шыққанына бір жыл өтсе де, түрмеде жұмыс табылмады – адвокат

Бүгін, 15:45
Бишімбаевқа үкім шыққанына бір жыл өтсе де, түрмеде жұмыс табылмады – адвокат
Ulysmedia

Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеде жұмыс істеп жүрген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Бұл ақпаратты Ulysmedia тілшісіне адвокат Ерлан Ғазымжанов растады.

Адвокаттың сөзінше, Бишімбаев қазір колонияда жұмыс істемейді, өйткені "бос жұмыс орындары аз".

Сондай-ақ адвокат Қуандық Бишімбаевты тағы бір сот күтіп тұрғанын айтты.

Еске салайық, 2024 жылғы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бишімбаев жазасын Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №5 мекемесінде өтеп жатыр. Бұл мекеме Степногорскіде орналасқан және аса ауыр қылмыс жасағандарға арналған қауіпсіздігі жоғары колония болып есептеледі. Аталған мекеме Астанадан шамамен үш сағаттық жерде орналасқан.

Серіктес жаңалықтары