×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Уәде уәде ме? Нағаспаев елге 4,8 трлн теңге инвестиция тартылатынын мәлімдеді

Бүгін, 11:33
Уәде уәде ме? Нағаспаев елге 4,8 трлн теңге инвестиция тартылатынын мәлімдеді
Ұлысмедиа коллажы

2035 жылға дейін химия және мұнай химиясы саласына 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту күтіледі. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Үкіметте мұнай-химия өндірісі саласы бойынша отырыс өткізіліп жатыр. Отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев химия саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.

Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылып жатыр. Олардың негізгілері мұнай және металлургия салаларында пайдаланылатын химиялық өнімдер түрлерін шығаруға бағытталған. Мысалы, елімізде өндірілетін каустикалық сода толығымен отандық металлургия өнеркәсібінде пайдаланылады, – деді министр.

Оның айтуынша елдің бай шикізат әлеуеті фосфориттер, калий тұздары, бариттер, күкірт, мұнай, газ және т.б химия саласында жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді. Ерсайын Нағаспаев 2035 жылға дейін салаға 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту күтілетінін айтады.

Нағаспаев химия саласын дамытудың басым бағыттарының бірі – көмір химиясын жүйелі пысықтаудың басталғаны туралы хабарлады. Сөзінше, елдің ауқымды көмір қорларын ескере отырып, бұл бағытта даму – шикізаттық модельден бас тарту және қосылған құнды айтарлықтай арттырудың негізгі жолы.

Осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған Қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда CHN Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізілуде, – деді министр.

Сонымен қатар, министрдің сөзінше көмір-химиясын дамытудың жол картасы әзірленіп, оның шеңберінде отандық ірі көмір өндіруші кәсіпорындар мен ғылыми институттар көмірді терең өңдеудің озық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары