Ақтөбе облысында пара алған Шалқар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мой город порталының мәліметінше, 3 сәуірде аудан әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаевқа қатысты үкім шықты.
ПАРА АЛУ
Олар өткен жылдың 27 желтоқсанында бірігіп, коммерциялық ұйым басшысынан 2,3 миллион теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Пара мемлекеттік сатып алу аясында орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою, төлем жүргізу және жалпы қамқорлық көрсету үшін берілген.
СОТ ҮКІМІ
Сот аталған лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына мемлекеттік қызметте, судья және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.