×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

Стратегиялық нысан: Атырау МӨЗ үлесін сату жөнінде ҚазМұнайГаз не дейді

Бүгін, 13:04
Стратегиялық нысан: Атырау МӨЗ үлесін сату жөнінде ҚазМұнайГаз не дейді
Фото: primeminister.kz

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов "Атырау мұнай өңдеу зауытын сенімгерлік басқаруға беру қаншалықты орынды?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Стратегиялық нысандарға қатысты – жекешелендіру болсын, сенімгерлік басқаруға беру болсын үкіметтің тиісті рәсімдері бар.  Бәсекелестікті қорғау және дамыту-ның ұстанымы да бар: олар мұнай өңдеу нарығындағы бәсекелестікті дамыту өз міндеті деп санайды. Агенттік тарапынан ұсынылған ұсыныс – мұнай өндіру мен өңдеу жүйесіндегі ұлттық компаниялардың ықпалын азайту, – деді Әсет Мағауов.

Бұған дейін Ulysmedia.kz редакциясы Атырау мұнай өңдеу зауытын сату жөнінде Үкімет тарапынан келісім жасалғанын анықтаған еді. Ақпарат көздерінің мәліметінше, сатып алушы – ресейлік "Татнефть" компаниясы. Сонымен қатар, алдағы үш жыл ішінде Қазақстандағы екі ірі мұнай өңдеу зауыты жекешелендірілетіні белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары