×
$
444.3
€
490.91
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.3
€
490.91
₽
5.41

«ҚазМұнайГаз» басшылық құрылымы өзгеруі мүмкін

Бүгін, 17:52
«ҚазМұнайГаз» басшылық құрылымы өзгеруі мүмкін
Ulysmedia коллажы

«ҚазМұнайГаз» компаниясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін қысқартуы мүмкін. Мұндай нұсқа Құрманғазы Исқазиев қызметінен кеткеннен кейін қарастырылып жатыр. Оның өкілеті ұлттық компания басшысының өзге орынбасарларына бөлінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олег Червинский Telegram-арнасында жазғандай, әзірше бұл – талқыланып жатқан нұсқалардың бірі. Оның айтуынша, Исқазиевтің отставкасы «ҚазМұнайГаздың» басшылық құрылымын тұтастай өзгертуі мүмкін.

– Бұл лауазым қысқартылса, оның өкілеттері басқарма төрағасының өзге орынбасарлары арасында автоматты түрде бөлінеді. Дереккөздер коммерциялық блоктың бір бөлігін мұнай тасымалдау, трейдинг және халықаралық активтер блогына беру мүмкіндігін де жоққа шығармайды, – деп жазды Червинский.

«ҚазМұнайГаз» бұл ақпаратқа әзірше ресми түсініктеме берген жоқ.

Контекст

Еске салайық, Құрмангазы Исқазиев денсаулығына байланысты 2026 жылғы 9 қарашада «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кеткен болатын. Ол бұл лауазымды 2024 жылғы мамырдан бері атқарып, компанияның Ақтаудағы өкілдігін де басқарды.

2022 жылы Исқазиев «ҚазМұнайГаз» компаниясының уақытша басшысы болды. Мұнай саласындағы еңбек жолын 1985 жылы «Ембімұнай» кәсіпорнында оператор-жинаушы болып бастаған.

Сізге қызық болуы мүмкін