×
516.16
584.86
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.16
584.86
6.25

FlyArystan жолаушыны ұшырмай, психдиспансерден бір-ақ шығарған

FlyArystan жолаушыны ұшырмай, психдиспансерден бір-ақ шығарған
Ашық дереккөзден

Шымкент тұрғыны Айжан Кеңесова FlyArystan әуе компаниясы өзін себепсіз рейстен шығарып, «қара тізімге» енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға Атырау әуежайында болған. azh.kz сайтының мәліметінше, Айжан жолжүгін тіркеуден сәтті өткізіп, оның көлемі қол жүгінің талаптарына сай болған. Алайда ұшаққа мінер тұста супервайзер оны тоқтатып, ұшуға тыйым салынғанын хабарлаған. Бұл жағдайдан кейін әйел көңіл-күйі түсіп, эмоциясын ашық білдірген. Оқиға видеоға түсіріліп, кейін оны полиция қызметкерлеріне тапсырған. Полиция оны психоневрологиялық және наркологиялық тексеруден өткізуге жіберген. Тексеру нәтижесі бойынша Айжанның психикасында ауытқу жоқ, қанда алкоголь табылмаған.

ҰШУҒА ТЫЙЫМ САЛҒАН

Соған қарамастан, FlyArystan компаниясы оның әрекетін қауіпті деп бағалап, оны «ұшуға тыйым салынғандар» тізіміне енгізген. Әлеуметтік желідегі парақшасында Айжан болған жайтқа байланысты ашу-ызасын жасыра алмай, жүгінің төленгенін және талаптарға сай болғанын атап өтті.

– Мен шок жағдайында болдым. Мені еш түсіндірместен, көпшілік алдында рейстен алып тастады. Кейін полицияға тапсырды, мені қылмыскер секілді көрсетті. Бұл – масқара, әділетсіздік, – деді Айжан.

ЖОЛАУШЫ ТАЛАБЫ

Қазір ол FlyArystan-нан өзіне қатысты шектеулерді алып тастауды, билет ақысын қайтаруды және ішкі тексеріс жүргізуді талап етіп отыр. Егер бұл талаптар орындалмаса, сотқа жүгінетінін ескертті.

Ал әуе компаниясы әзірге бұл жағдайға байланысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Серіктес жаңалықтары