×
518.53
588.17
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.53
588.17
6.39

Мырзабосынов олимпиада чемпиондарына ақша не үшін кешігіп берілгенін түсіндірді

Мырзабосынов олимпиада чемпиондарына ақша не үшін кешігіп берілгенін түсіндірді
gov.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов олимпиада жеңімпаздарына берілетін ақшаға қатысты дауға пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Жақында олимпиада жеңімпаздарына сыйақы толық бермей жатыр деген сыбыс тарады. Сыйақы толық беріліп болды ма?”, деп сұрады Ұлысмедиа тілшісі. 

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, Қазақстанда әрбір спортшыға мемлекет тарапынан бала күнінен бастап қолдау мақсатында ақша бөлініп отырады. 

- Бұл мәселе әр спортшының балалық шағынан бастап жоғары жетістігіне дейін мемлекет толық қамтамасыз етеді. Соны атап өткен жөн. Мысалы бүгінгі күні жоғары жетістікке жету үшін республикалық бюджеттен және “Самұрық қазына” тарапындағы қордан әр федерацияға қаражат бөлінеді. Бүгінгі күні бірізділік мәселесі орнатылып жатыр. Әр өңірдің бюджеті де спортқа бағытталатын болады, дейді министр.

Министрдің сөзінше, олимпиада жеңімпаздарына ақша төлеудің өзіндік талаптары бар. 

- Ал олимпиада жеңімпаздарына берілетін ақшаға келер болсақ, мұнда арнайы талап бар. Оны тоқтатып немесе кеш берді деген мәселе емес. Яғни допингтан бастап халықаралық ұйымдардың тексеруі бар, өзінің бөлек процедуралары бар. Өкінішке қарай, паралимпиада бағытында жол апатынан қайтыс болған спортшымыз бар. Ол да ақшаның бір айдай кешігуіне алып келді. Жалпы мемлекет тарапынан баланың әр қадамына ақша бөлінген. Олардың тек 1-2 пайызы спортта үлкен жетістікке жетеді. Бүгінгі күні спортшыларға барлық ақша төленді, дейді Мырзабосынов. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Бокстан үш дүркін әлем чемпионы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай «Олимпиаданың ақшасын да, пәтердің кілтін де әлі алған жоқпын» деп мәлімдеген болатын

Серіктес жаңалықтары