×
518.53
588.17
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.53
588.17
6.39

Telegram-да қазақстандықтардың жеке деректерін таратып жүрген бот пайда болған

Telegram-да қазақстандықтардың жеке деректерін таратып жүрген бот пайда болған
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Telegram мессенджерінде Қазақстан азаматтарының жеке деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алып, ашық тарататын бот пайда болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бот азаматтардың ЖСН-і, мекенжайы, телефон нөмірі және отбасы мүшелері туралы мәліметтерді еш кедергісіз береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕП ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

- Цифрландыруды бизнес мүддесіне сай жүргізіп отырған жауапсыз шенеуніктер – бұл азаматтардың құқықтарын бұзу ғана емес, ұлттық мүддені сатумен тең. Қазақстан азаматтарының деректері тоқтаусыз сыртқа тарап жатыр – жаппай, көтерме және бөлшек саудада сатылуда. Telegram-да бот пайда болыпты, ол жақта министр Жаслан Мадиев дос болып жүрген Дуров отырады! Бот кез келген адамға барлық жеке ақпаратты тегін таратады. Жоба, Ресей арқылы басқарылуы мүмкін, себебі онда ресейліктер туралы мәліметтер де көп, – деп жазды депутат Facebook парақшасында.

МИНИСТРЛЕР ТУРАЛЫ ДА МӘЛІМЕТ БАР

Әбеновтың сөзінше, бұл бот арқылы қазіргі және бұрынғы цифрландыру министрлері — Бағдат Мусин мен Жаслан Мадиевтің де жеке мәліметтері анықталған. Олардың eGov-та тіркелген ұялы нөмірлері, отбасы мүшелері туралы ақпарат базадан шыққан.

- Министрлер өздері мәліметтердің қорғалғанын айтып жүргенімен, бұл деректердің ашық базада жоқ екенін дәлелдегісі келсе, ботты жүктеп, өздері тексеріп көрсін, – деді депутат.

БАЗАДА НЕ БАР

Депутаттың айтуынша, таныстары өздері туралы мәліметтерді тексеріп көріп, деректердің нақты екенін растаған. Ботта:

  • ЖСН,
  • нақты және бұрынғы мекенжайлар (тіпті 15–20 жыл бұрынғы),
  • қолданған көліктер туралы мәліметтер,
  • балаларының байланыс нөмірлері сияқты деректер көрсетілген.

- Егер министрлер, прокурорлар, судьялар, полиция және әкімдер де қорғалмаған болса, қарапайым азаматтардың деректерін ашық таратып жатқанын көзге елестету қиын емес, – деді ол.

ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСЫ БОЛУЫ МҮМКІН АДАМДАР

Соңғы рет мәліметтер 2024 жылдың желтоқсанында жаңарған. Әбенов бұл жағдайға қарап, цифрландыру министрлігінде әлі де дерекқорды шетелге сатып отырған «сатқын шенеуніктер» бар деп санайды.

- Осындай базалар арқылы алаяқтық жасалып жатыр. Сол мәліметтер негізінде бізге телефон шалады, WhatsApp-қа жазады, туыстарымызды қорқытады. Қылмыскерлер сол бойынша мекенжайымызды тауып, қайда жүргенімізді бақылап отырады. Дерек таратушылар – бұл қылмысқа қатысы бар адамдар, – деді депутат.

Ол Ішкі істер министрлігі мен бас прокуратурадан бұл мәселеге дереу шара қабылдауды сұрады. Telegram-дағы нақты бот сілтемесін жария етпегенімен, оны тиісті мемлекеттік органдарға беруге дайын екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары