×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

Тағы бір соғыс па? Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады

Тағы бір соғыс па? Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады
Ашық дереккөзден

Оңтүстік Азияда әскери дағдарыс қайта тұтанды, 7 мамырға қараған түні Үндістан қарулы күштері Пәкістан аумағына бірқатар зымыран соққыларын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Үндістан Қорғаныс министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, «Синдур» кодтық атауымен ауқымды операция басталды. Оның мақсаты – лаңкестік әрекеттерге қатысы бар нысандарды жою.

СОҚҚЫ ЖАСАЛҒАН АЙМАҚТАР

Соққы жасалған нысандардың қатарында тоғыз мекен бар. Олардың ішінде Музаффарабад, Бахавалпур және Котли бар. Бұл елді мекендер Кашмирдегі бақылау сызығына жақын маңда да, Пәкістан аумағының ішкі бөлігінде де орналасқан. Үнді тарапының мәлімдеуінше, соққылар тек логистикалық базаларға, жаттығу лагерьлеріне және қару-жарақ қоймаларына бағытталған. Бұл нысандар үнді сарбаздары мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған топтармен байланысты делінген.

ПӘКІСТАН НЕ ДЕЙДІ

Ал Пәкістан билігі бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, Үндістанды агрессияға және халықаралық құқықты бұзуға айыптады. Исламабадтың хабарлауынша, жойылған нысандардың қатарында діни орталық та болған. Осыған байланысты Пәкістан бұл шабуылды конфессияаралық келісімге нұқсан келтіретін арандатушылық әрекет деп бағалап отыр. Ел астанасының үстінен әскери жойғыш ұшақтар байқалған. Сондай-ақ Исламабад маңындағы кейбір аудандарда жарық сөнген, бұл халық арасында дүрбелең туғызған.

Оқиғаға жауап ретінде Пәкістан үкіметі әуе кеңістігін 48 сағатқа жабу туралы шұғыл шешім қабылдады. Қарулы күштер өкілдері қарымта соққы жасауға дайын екендерін мәлімдеді. Пәкістан Бас штабының мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері толық жауынгерлік дайындыққа келтірілді. Командование «асимметриялық жауап» әзірлегенін хабарлады, алайда оның нақты мазмұны әзірге жарияланбады.

СОҢҒЫ ДЕРЕКТЕР

Соңғы деректер бойынша, Үндістан соққылары салдарынан қаза тапқан пәкістандықтардың саны 26 адамға жетті, 46 адам жарақат алған. Бұл туралы Reuters агенттігі Пәкістан қарулы күштері басшысына сілтеме жасап хабарлады.

Серіктес жаңалықтары