×
$
444.88
513.26
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.88
513.26
5.28

Қазақстан азаматы Үндістан жағалауында ұсталған танкерден шыға алмай отыр

Бүгін, 17:40
Қазақстан азаматы Үндістан жағалауында ұсталған танкерден шыға алмай отыр
Reuters

Қазақстан азаматы бірнеше айдан бері Үндістан жағалауында тұрған Unity мұнай танкерінен кете алмай отыр. Кемеде онымен бірге тағы 22 теңізші бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

 

 

 

Танкер не себепті тоқтап тұр?

11 мамырда танкер жүк тиеу-түсіру жұмыстарын аяқтағаннан кейін Үндістан жағалауында тоқтатылған. Бұған Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген екі компания арасындағы қаржылық дау себеп болған. Компаниялардың бірі кеме иесіне талап қойып, сотқа жүгінген.

Камерун туы астында жүзетін Unity танкері Үндістанның Парадип портына шамамен 10 шақырым жерде зәкірде тұр. Кеме жөндеуді қажет етеді, сондықтан әзірге сапарын жалғастыра алмайды.

Ресейдің Калькуттадағы Бас консулдығының ТАСС-қа берген мәліметінше, кемеде барлығы 23 адам бар. Оның ішінде капитанды қоса алғанда, 20-сы – Ресей азаматы, екеуі – Мысыр азаматы, біреуі – Қазақстан азаматы.

– 19 тамызда кемеге азық-түлік пен ауызсудың кезекті қоры жеткізілді. Капитанның есебінше, бұл қор қыркүйек айының соңына дейін жетеді, – деп хабарлады Ресей консулдығы.

Бұған дейін теңізшілердің туыстары кемеде азық-түлік пен ауызсудың жетіспейтінін, сондай-ақ байланыс мәселесі барын айтқан. Экипаждың кейбір мүшелері танкерде 10 айдан астам уақыт өткізіп отыр. Көпшілігінің еңбек келісімшарты аяқталған немесе қыркүйек айында аяқталады.

Теңізшілер елге қайту үшін ауысымды күтіп отыр

Танкер әлі де зәкірде тұр. Кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экипаж мүшелері бортта қалуға мәжбүр.

Үндістан билігі қазіргі экипаж мүшелері кемеден кетпес бұрын олардың орнына жаңа теңізшілер келуі керек екенін талап етіп отыр. Алайда әзірше жаңа экипаж келген жоқ.

Сондықтан Қазақстан азаматын қоса алғанда, 23 теңізші кемеде қалуға мәжбүр.

Ulysmedia.kz қазақстандық теңізшінің жағдайынан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабардар ма екенін анықтау үшін ведомствоға ресми сауал жолдады.