×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

Өртсөндіруші үшінші қабаттан құлап кеткен: ТЖМ түсініктеме берді

Өртсөндіруші үшінші қабаттан құлап кеткен: ТЖМ түсініктеме берді
Видео кадры

Төтенше жағдайлар министрлігі өртсөндірушінің үшінші қабаттан құлап кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ НЕ ДЕЙДІ

ТЖМ мәліметінше, бұл жағдай 5 мамырда Талдықорған қаласында емес, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында болған.

- Сол күні Красин көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында өрт болды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері зардап шекті. Өрт ошағын сөндіру мақсатында үшінші қабатта орналасқан пәтердің балконына кіру үшін аралас көтерілу әдісі қолданылды. Оқиға болған кезде тұрғындар болған жоқ. Бөлімшелердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрттің көрші пәтерлер мен жоғарғы қабаттардағы балкондарға таралуына жол берілмеді, – дейді ТЖМ өкілдері. 

Өрттің алғашқы минуттарынан бастап автокөлік сатысы оқиға орнында болған, бірақ тығыз өскен өсімдіктерге байланысты оны орнату мүмкін болмаған. 

- Зардап шеккен қызметкерге ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті уақтылы көрсетті, содан кейін АМО қызметкерлері оны оң аяғының жабық сынуы диагнозымен травматологиялық бөлімшеге жатқызды. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, өміріне қауіп жоқ. Қызметтік тергеу жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын жарияламас бұрын фактілерді тексеруге және тек сенімді ақпаратты таратуға шақырамыз, дейді ведомство өкілдері. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Видеода өртсөндіруші сатымен үшінші қабатқа көтеріліп келе жатады. Бір сәтте өрт шыққан пәтердің терезесінен кірейін деп жатқан тұсында ТЖД қызметкері жерге құлап түседі. Өртсөндіруші бетонға бір-ақ түскен. 

Серіктес жаңалықтары