Қазақстан Ұлттық банкі 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр.
ДИЗАЙН
Банкноталардың түсі – қоңыр-сарғылт.
Алдыңғы бетінде:
Екінші бетінде:
- тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Суреттерді www.kfdz.kz мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап комитетінің «орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары архиві» РММ ұсынған.
- ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.
Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.