11 мамырдан бастап "Балқаш-Бурылбайтал" автожолы ақылы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11 мамырдан бастап республикалық маңызы бар "Балқаш-Бурылбайтал" автомобиль жолының 1864-1955 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын хабарлады.
АҚЫЛЫ ЖОЛ ТУРАЛЫ
Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ.
ТЕГІН ЖОЛ
Балама тегін жол "Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шунджа – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал" автомобиль жолы арқылы ұсынылады.
ТӨЛЕМ
Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.
Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін 26 қаңтардан бастап Қызылорда – Арал жолы ақылы болатынын хабарлаған едік.