2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған және жалдамалы пәтерде тұрып жатқан азаматтарға арналған жалға алу төлемдерін субсидиялау бағдарламасы күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, мемлекет белгілі бір санаттағы азаматтарға жалдау ақысының жартысын төлеуге көмектеседі.
КӨМЕК КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ
Finratings.kz мәліметінше, мемлекет шынайы мұқтаж жандарға қолдау көрсетпек. Оларға мыналар жатады:
Маңызды шарт: субсидия тек жеке меншік пәтерлерге беріледі. Яғни, мемлекеттік тұрғын үйге, сондай-ақ туыстардан немесе бұрынғы жұбайлардан жалға алынған пәтерлерге қолданылмайды — бұл жалған келісімшарттардың алдын алу үшін енгізілген талап.
МЕМЛЕКЕТ ҚАНША ТЕҢГЕ БЕРЕДІ
Мемлекеттік көмек жалдау ақысының дәл 50%-ын құрайды:
Қалған жартысын пәтер жалдаушы өзі төлейді. Мысалы, егер пәтердің айлық жалдау ақысы 150 мың теңге болса, мемлекет ай сайын 75 мың теңге қайтарып береді.
ТАЛАПТАР
Көмек алу үшін отбасындағы жан басына шаққандағы табыс бір айлық күнкөріс минимумынан аспауы керек. Бұл ретте келесі төлемдер есепке алынбайды:
Пәтер көлеміне де шектеу бар:
1–3 адамға дейін – 40 ш.м. дейін;
4–5 адамға – 60 ш.м. дейін;
6 және одан көп адамға – 80 ш.м. дейін.
Егер пәтер көлемі сәл артық болса, субсидия тек норматив шегіндегі бөлігін қамтиды.
ӨТІНІШТІ ҚАЙДА БЕРУ КЕРЕК
Өтінімді www.otbasybank.kz сайтында беруге болады. Шешім үш жұмыс күні ішінде шығады.
Егер өтінім мақұлданса, арнайы шот ашылады. Сол шотқа ай сайын мемлекеттік субсидия түсіп отырады — ол пәтер жалдау ақысының бір бөлігін өтеуге арналған.