Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан қарулы күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШЕРУ
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.
Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды.
Бұдан соң Мемлекеттер басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға беттеді.