12 қаңтардағы мәлімет бойынша 27 423 адам коронавирус инфекциясынан (–25 609+ және 1 814 КВИ-) емделуде деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Олардың ішінде 3 409 пациент стационарда, 24 014 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 187 адамның жағдайы ауыр, 59 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – дейді Денсаулық сақтау министрлігінен.
Өткен тәулікте елімізде 4810 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болса, мұнда 3312 адам Нұр-Сұлтан қаласынан болып отыр. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1 004 464-ке жетті. Емделіп шыққандар саны – 1083 адам.