×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Алтын фабрикасына наразылық білдірген Өскемен тұрғыны қамауға алынды

Алтын фабрикасына наразылық білдірген Өскемен тұрғыны қамауға алынды
Фото: Азаттық

Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылында алтын өндіретін кәсіпорынға байланысты пікір айтқан азамат Тоқтасын Нәбиев 6 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Азаттық радиосына белсенді Талғат Исин хабарлаған.

НАРАЗЫЛЫҚ СЕБЕБІ

Исиннің айтуынша, Нәбиев өз туған ауылындағы алтын фабрикасының жарылыс жұмыстарына алаңдаушылық білдіргені үшін ұсталған. Ауыл тұрғындары жарылғыш заттардың елдімекен көшелерімен тасымалдануы қауіп төндіруі мүмкін деп қауіптенеді. Белсенді өткен жылы Өскемен – Самар тасжолында жарылғыш зат тасыған жүк көлігінің жарылғанын еске салды.

– Мұндай жағдай ауыл ішінде қайталанбайтынына кім кепіл? Ол жарылыс қауіпсіздік шараларының жеткіліксіз екенін көрсетті, – дейді Исин.

СОТ ШЕШІМІ

Сот Нәбиевті бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру тәртібін бұзды деп таныған. Сот құжатында Нәбиев Маралды ауылы тұрғындары отырған WhatsApp тобында заңсыз митингке шақырды, фабрика жұмысына кедергі келтіруге үндеді деп көрсетілген. Судья оның кінәсін дәлел ретінде ортақ чаттағы жазбалары арқылы анықталғанын айтқан.

НӘБИЕВТІҢ ЖАУАБЫ

Полиция оны 7 мамыр күні үйінен алып кеткен. Сол сәтте түсірілген видеода ол тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Өзінің жазбасы бейбіт сипатта болғанын, ешкімді зорлық-зомбылыққа немесе заң бұзуға шақырмағанын айтқан.

Кейін Қазақстандағы құқық қорғау ұйымдарына жолдаған үндеуінде Нәбиев бұл іске саяси астар барын, ал өзін пікір айту еркіндігінен айырғанын жазған.

Серіктес жаңалықтары