×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Бүлік салдарынан бизнеске келген шығын 100 млрд теңгеден асып кетті

12.01.2022, 09:06
Фото: Ашық дереккөзден

Бүлік салдарынан бизнеске келтірілген шығын жайлы соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Атамекен ҰКП-ға сілтеме жасап.

Байланыс орталығына 4 833  қоңырау түскен. Оның ішінде: морадерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946.

Елдің 11 өңірінде  1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды. Соның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.

Зардап шеккен бизнес салалары:

  • сауда – 1482;
  • қоғамдық тамақтану – 44;
  • қаржы секторы – 61;
  • логистика – 23;
  • БАҚ – 5.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге).

Шығынға ұшыраған аймақтар:

  • Алматы қаласы
  • Алматы облысы
  • Шымкент қаласы
  • Жамбыл облысы
  • ШҚО
  • Қызылорда облысы
  • Атырау облысы
  • Қарағанды облысы
  • Павлодар облысы
  • Маңғыстау облыссы (қосылған аймақ)
  • Ақтөбе облысы (қосылған аймақ)
Серіктес жаңалықтары