Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz редакциясы жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов туралы ақпарат іздеуге 30 наурызда кіріскен. Сол күні редакцияға ішкі дереккөз арқылы Теміржановтың ұсталғаны туралы хабар түскен болатын.
Шенеуніктің телефоны сөніп жатты. Оған хабарласу мүмкін болмады. Ал оның атқарып отырған қызметі елдегі ең маңызды ресурстардың бірі – жерге тікелей жауапты лауазым, сондықтан редакция бұл істі назардан тыс қалдырмауды жөн көрген-тін. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер ресми сауалға жауабында Теміржановтың қашаннан бері жұмыста жоқ екенін айтқан.
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Ulysmedia.kz тілшісі бүгін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың қайда екенін сұраған.
Бүгінгі күні ол туралы ақпарат, қағаз-құжаттар келген жоқ. Ол қазір жұмысында. Жұмысын жалғастырып жатыр, – деп жауап берді министр.
Мұрат Теміржанов қазір ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 2016-2021 жылдары Мұрат Теміржанов Парламент мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болған.