×
513.74
569.17
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.74
569.17
6.33

Алматы тұрғыны ұлының өлімі үшін әуе компаниясынан 5 млн теңге өндіріп алды

Бүгін, 13:27
Алматы тұрғыны ұлының өлімі үшін әуе компаниясынан 5 млн теңге өндіріп алды
Pixabay

Алматының аудандық соты халықаралық әуежай мен әуе компаниясына қарсы моральдық зиянды өтеуді талап еткен азаматтың ісін қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматының аудандық соты қазақстандықтың халықаралық әуежай мен әуе компаниясына қарсы моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімі бойынша әуе компаниясы талапкерге 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Баланың өмірі үшін күрес

Талапкердің айтуынша, 2019 жылы туған науқас баласы коматозды жағдайда болған. Ол тек жатқызылған күйде тасымалдануы тиіс еді. Бірақ Алматы әуежайында әуежай қызметкерлері балаға мүгедектер арбасын ұсынған, бұл медициналық талаптарға сай келмеген.

Талапкер әуежайға дәрігер-реаниматологы бар жеке жедел жәрдем көлігін алдын ала келісіп шақырған. Алайда әуежай қызметкерлері сол жедел жәрдемді аумаққа кіргізбей, әуежайдан шықпай-ақ көмекті алу мүмкіндігі бола тұра, әуежай әкімшілігі жедел жәрдем көлігін беруден бас тартқан. Соның салдарынан бала арнайы ауыр науқастарды тасымалдауға арналмаған амбулифтпен (мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды ұшаққа отырғызу және түсіруге арналған техника) ұшақтан терминалға жеткізілген.

Дәрігердің қорытындысы

Нейрохирургтың қорытындысына сәйкес, бала өздігінен қозғала алмайтын, жатқызылған күйде болуы тиіс еді. Оның паспорттық бақылауы медициналық бекет арқылы жүргізілуі керек болған.

Әуе компаниясының кінәсі

Әуе компаниясы баланың денсаулығы туралы және жедел жәрдемнің қажеттігі туралы хабардар бола тұра, халықаралық әуежай әкімшілігін тиісті деңгейде хабардар етпеген. Сонымен қатар, баланың шекаралық бақылаудан өтуі кезінде қызметкерлер оның көзіне жабыстырылған қорғаушы таңғыштарды мәжбүрлі түрде алып тастаған. Бұл балада кератиттің (көздің қабынуы) асқынуына әкелді. Ертеңіне бала екі жақты пневмоторакс диагнозымен ауруханаға жатқызылды және ақпан айында қайтыс болды.

Сот шешімі

Сот әуекомпанияның және әуежай қызметтерінің арасындағы үйлесімсіздік баланың денсаулығына теріс әсер еткенін мойындады. Осыған байланысты моральдық зиянды өтеу туралы талап-арыз ішінара қанағаттандырылып, әуекомпаниядан талапкердің пайдасына 5 миллион теңге өндіріп алынды.

Серіктес жаңалықтары