×
510.06
566.32
6.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.06
566.32
6.32

Қазақстаннан Ресейге 29 шетелдікті жүк көлігінде жасырып өтпек болғандар ұсталды

Қазақстаннан Ресейге 29 шетелдікті жүк көлігінде жасырып өтпек болғандар ұсталды
ҰҚК

Қазақстаннан Ресейге 29 шетелдікті жүк көлігінде жасырып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ШЕКАРАДАҒЫ ЗАҢСЫЗДЫҚ

12 мамырында Ақтөбе облысының «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты.

Ресейге транзиттік жүріп келе жатқан жүк көлігін қарап-тексеру кезінде тасымалданған жүктің арасында Мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуге әрекеттенген 29 шетелдік табылды.

ТЕРГЕУ

Осы факті бойынша ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметінің Департаменті ҚР Қылмыстық кодекстің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҰҚК шекара қызметі ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және оның режимін бұзу қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Серіктес жаңалықтары