×
506.21
568.42
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.21
568.42
6.3

Әлемде миллиард долларлық 5,5 мыңнан аса компания бар: төртеуі Қазақстанда

Әлемде миллиард долларлық 5,5 мыңнан аса компания бар: төртеуі Қазақстанда

Әлем бойынша нарықтық құны 1 миллиард доллардан асатын 5522 компания тіркелген. Қазақстанда мұндай 4 компания бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЗЕРТТЕУ

Зерттеу Voronoi қосымшасында жарияланған. Ондағы мәлімет бойынша, әлемдік нарықтағы ең ірі үлеске АҚШ ие болғанымен, соңғы жылдары үндістандық және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы алпауыт компаниялардың саны күрт өсіп келеді. Бұл үрдіс күшті экономикалық өсіммен, капитал ағынының артуымен және демографиялық жағдайдың қолайлы болуымен байланысты.

МИЛЛИАРДЕР КОМПАНИЯЛАР ҚАЙ ЕЛДЕРДЕ КӨП

BestBrokers зерттеуі негізінде дайындалған графикада әлем елдеріндегі компаниялардың саны көрсетілген.

Нарықтық капитализациясы 60,1 трлн доллар болатын АҚШ қор нарығы жаһандық нарықтың 49 пайызын алып жатыр. Бұл – әлемдегі компания-миллиардерлер ең көп шоғырланған ел.

АҚШ-та 1 миллион тұрғынға шамамен бес бірдей миллиард долларлық компаниядан келеді. Бұл көрсеткіш Американың технологиялық дамуымен, венчурлық капиталдың мол ағынымен және жоғары экономикалық бәсекеге қабілеттілігімен түсіндіріледі.

ҚАЗАҚСТАН

Зерттеудегі ақпарат бойынша, Қазақстанда 4 миллиардер компания бар. Деректер бойынша, тізімде аталып отырған төрт компания ол – Halyk bank, Kaspi, Kazatomprom, KMG компаниялары. 

Қазақстанмен қатар Чехия, Колумбия және Джерсиде де миллиардер төрт компания бар.

ЖАПОНИЯ МЕН ҮНДІСТАН – КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

Халық саны азайып бара жатқанына қарамастан, Жапония миллиард доллардан асатын компаниялар саны бойынша екінші орында тұр. Бұл елдің жалпы компаниялық айналымы 404 миллиард доллар.

Синдзо Абэ үкіметі кезінде Жапония қор нарығында шетелдік инвестициялар мен бірігулерді ынталандыратын маңызды реформалар жүргізілді. Токио қор биржасы компаниялардан нарықтағы бағасын қалай арттыратыны туралы нақты жоспар көрсетуді талап етіп келеді.

Үшінші орынды Үндістан иеленіп отыр. Мұнда инвесторлардың белсенділігі мен инфрақұрылымға салынған ірі қаржы арқасында ірі компаниялар саны күрт көбейді. Соңғы бес жылда елдің негізгі қор индексі 137 пайызға өсіп, S&P 500 индексінің 98 пайыздық өсімінен де асып түсті.

ҚЫТАЙ, ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ ЖӘНЕ АФРИКА

Қытайда нарықтық құны 1 миллиард доллардан асатын 216 компания бар. Бұл көрсеткішпен Қытай алтыншы орында. Жалпы алғанда, Азия-Тынық мұхиты аймағы миллиард долларлық компаниялар саны бойынша Солтүстік Американың артынан екінші орын алады. Бұл аймақ әлемдік үлестің 30 пайызын құрайды.

Ал Латын Америкасы мен Африкада мұндай компаниялардың үлесі өте аз – сәйкесінше 3 және 1 пайыз ғана.

Серіктес жаңалықтары