×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Бірлескен консорциум: "Татнефть" ҚМГ-мен келісімнің мән-жайын айтты

Бірлескен консорциум: "Татнефть" ҚМГ-мен келісімнің мән-жайын айтты
фото: dzen.ru

"Татнефть" компаниясының бас директоры Наиль Маганов Орталық Азияның үш мұнай компаниясымен – SOCAR, "ҚазМұнайГаз" және "Өзбекмұнайгазбен" бірлескен консорциум құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Магановтың айтуынша, консорциум “жаһандық деңгейдегі сын-қатерлерге бірге қарсы тұру үшін” құрылған. Оның сөзінше, консорциум жобаларды әзірлеуді бастап кеткен. 30 мамырда Қазақстанда өтетін мұнай форумында алғашқы автоматтандырылған жүйе ұсынылады. Бұл жүйе барлық кәсіпорынға арналып, сатып алу, құрылыс және технология алмасуды біріктіреді.

СЫН-ҚАТЕРЛЕР

Маганов Ресей мен Азиядағы мұнай компаниялары үлкен қауіп төндіріп отырған қиындықтарға тап болғанын айтты. Оның сөзінше, бұл салалар технологиялық неоколониализмге ұшырап отыр, ал білікті кадрлар батыс елдеріне жақсы өмір іздеп кетіп жатыр.

– Консорциум толық қуатымен жұмыс істеп жатыр және баршаға ашық. Қазірдің өзінде Еуропаның шағын ұлттық компаниялары мен Түркияның мұнай компаниялары оған қосылғысы келіп отыр, – деп келтіреді Магановтың сөзін Бизнес.Онлайн басылымы.

АТЫРАУ МӨЗ ЖАЙЛЫ

Энергетика министрлігі Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының қазақстандық үлесін ресейлік «Татнефть» компаниясына сатпайтын хабарлады. Еліміздегі жанар-жағармай өндіретін басты кәсіпорын сатылады екен деген әңгіме наурыз айында шыққан, қазақстандықтар бұл жаңалыққа алаңдаушылық білдіріп, қоғам белсенділері дабыл қаққан. Ulysmedia.kz стратегиялық маңызы бар Атырау зауытын жекеменшікке, оның үстіне ресейлік компанияға берудің себебін анықтауға тырысты. Оның үстіне, редакцияда дайындалып жатқан мәмілеге қатысты растаушы құжаттар да болды. АМӨЗ бен «Татнефть» компаниясы арасындағы келіссөздер басталғаны өз алдына, тіпті қазақстандық компания болашақ серіктесіне зауыттың құпия мәліметтерін, оның ішінде бухгалтерлік есеп-қисабы мен кіріс-шығысы туралы мәлімет беруге міндеттелген екен. Індете қазып, мәселенің ақ-қарасын айыру бізге де оңай болған жоқ. Тіпті бізді көзге ілмеулері де мүмкін еді.

Ulysmedia.kz бұл ақпаратты жариялап, «ҚазМұнайГазға» тиісті хат жолдаған. Неліктен осындай шешім қабылданғанын және оның қисыны неде екенін білсек дедік хатта. Зауыттың ресейлік компанияға сатылуына қатысты сұрағымызға компания басшылығы екіұшты жауап беріп, нақты айтуға әзір дайын еместігін жеткізген. Тіпті «иә, сатылады» немесе «жоқ, сатылмайды» дегенді де айтпаған.

Серіктес жаңалықтары