×
506.21
568.42
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.21
568.42
6.3

"Денсаулық қойып тастайсың": Шерзат сотында тағы бір күдікті жауап бере бастады

Бүгін, 15:05
"Денсаулық қойып тастайсың": Шерзат сотында тағы бір күдікті жауап бере бастады
Ulysmedia.kz коллажы

2024 жылы Талғарда кісі қолынан мерт болған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот процесінде сотталушылардан жауап алу жалғасып жатыр. Істі Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарауда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынды. Ол оқиға болған күні Нұрқанат Ғайыпбаевты соққыға жыққанын мойындады. Бірақ «Хутор бандасы» туралы айтқанын жоққа шығарды. Мылтықты Нұрқанат атты деді. 

–  Ол жерде «Хуторский» деп ешқандай өзімді таныстырған жоқпын. «Хуторский 95» деп айтқан жоқпын. Мен өзім 91-ші жылғымын. «Денсаулық қойып тастайсың» деген ешқандай әңгіме болған жоқ ол жерде, – деді ол. 

Бұған дейін марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотта берген жауабында Нұрбол Тоқтаубаев «Бізді танымайсың ба? Біз Хуторскийдің жігіттерміз» деп айтты деген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бүгінгі сот отырысында сотталушылар Нұрбол Тоқтаубаев пен Азамат Тоқтаубаевтың қорғаушысы істе оларды күдікті деп тану қаулысы жоғын алға тартып, істі қайта тергеуге жіберуді сұрап, өтінішхат түсірді

Айыпталушы прокурор өтінішті қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Олар іс бойынша күдіктілердің барлығы күдікті ретінде танылғанын алға тартты. Судья Ержан Жанұзақов өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА КҮНГІ ВИДЕО

Сонымен қатар, айыпталушы Дархан Әскентай оқиға болған күні түсірілген видеоға қатысты жауап берді. Ол сол күні дүкенге сыра алуға барғанын, төбелеске қатыспағанын айтты. Керсінше, жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаевты Абзал Шынасыл мен Нұрбол Тоқтаубаевтан арашаладым деді. Сол уақытта Әскентайдың өзі бірнеше рет соққы алған. Оны Шынасыл ұрып жіберген. 

Сотталушы Дархан Әскентайдың адвокаты қорғауындағы адамның фотосы желіде тарап кеткеніне шағым түсірді. Судья 4 сотталушы ғана түрін көрсетпеуді сұрағанын, Әскентай фотосын көрсетуге қарсылық білдірмегенін жеткізді. Оны айыпталушының өзі растады.

ЕСКЕРТУ

Cондай-ақ бүгін судья Ержан Жанұзақовтың блогерлер мен сотқа қатысушыларға ескерту жасады. Ол әлеуметтік желіде азаматтар өздерінің жеке субьективті пікірлерін білдіріп, баға беріп жатыр деді. Судья тергеу аяқталып, үкім шығып, заңды күшіне енгенге дейін пікір беруге рұқсат жоғын айтты. Ол сотқа құқықтық баға беру заңсыз екенін ескертті.

Соттың тікелей эфирін Ұлысмедианың YouTube-арнасынан көре аласыздар. 

Автор: Есдәулет Қызырбек

Серіктес жаңалықтары