×
506.21
568.42
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.21
568.42
6.3

Ақтауда көлік қағып кеткен екі оқушыға шұғыл түрде қан доноры қажет

Ақтауда көлік қағып кеткен екі оқушыға шұғыл түрде қан доноры қажет
Видео кадры

Жаяу жүргіншілер жолағында болған жол апатынан зардап шеккен екі ақтаулық балаға шұғыл түрде кез келген топтағы донор қаны қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

№25 жалпы білім беретін мектептің басшылығының мәліметінше, зардап шеккен екі баланың бірі әлі комада жатыр, жағдайы ауыр.

Lada.kz мәліметінше, қазіргі таңда балаларға кез келген қан тобы шұғыл қажет.

Көмек бергісі келетіндерге Маңғыстау облыстық қан орталығына жүгіну сұралады. Орталық 34А ықшамауданында орналасқан. Байланыс нөмірлері: +7 (7292) 40-32-78, +7 (708) 592-80-64 және +7 (7292) 40-17-50.

Донорлар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ 

Бүгін Ақтауда екі баланы көлік қағып кеткенін хабарлаған едік. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Кадрларда көлік жүргізушісінің "зебрамен" өтіп бара жатқан екі оқушыны асқан жылдамдықпен қағып кеткені анық көрінеді.

ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ

2013 және 2014 жылы туған балалар жабық бас-ми жарақатын алған. Жағдайлары ауыр. Зардап шеккендердің бірі комада жатыр.

Серіктес жаңалықтары