Орталық Азияда орыс тіліне құрмет сақталып, аймақтағы мемлекеттердің басшылығы тіл әралуандылығы мен орыс тілді қауымның құқықтарын қорғауды қолдап келеді. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Евгений Примаковтың пікірінше, Орталық Азия елдерінде орыс тіліне құрметпен қарау дәстүрі сақталып отыр, ал орыс тіліне жасалған шабуылдар мен жағымсыз пікірлер жекелеген жағдайлар ғана кездеседі, деп жазады Спутник Тәжікстан.
Оның айтуынша, республикалар басшылығы орыс тіліне қатысты теріс көзқарастарды қолдамайды. Өз елдерінде тілдік әралуандылықты сақтауға ұмтылысын өзгертпейді. Примаковтың сөзінше, бұл аталған мемлекеттерде орыс тілді қауымның құқығын сақтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Примаков Орталық Азия елдері мен Ресейді білім беру саласындағы ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті. Жыл сайын аймақ елдерінен мыңдаған студент Ресей үкіметінің квотасы бойынша ресейлік жоғары оқу орындарына оқуға аттанады.
Оның айтуынша, бұл студенттерді оқыту – Ресейдің аталған елдер экономикасына қосқан үлесі, өйткені түлектер оқуын аяқтаған соң өз елдеріне оралады.
Бұған дейін қазақстандық оқушылардың Ресейде орыс тілінен білім деңгейін анықтайтын тестілеуден өтетіні хабарланған еді. Бұл талап Ресейде 1 сәуірден бастап енгізілген.