Мысырда Қазақстан, Ресей және Өзбекстан азаматтары жаппай ұсталып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
БАҚ мәліметінше, Мысыр құқық қорғаушылары оқу орындарының маңында рейдтер ұйымдастырып, студенттерді ұстап, кейін депортациялауда – олардың ішінде елде заңды негізде жүргендер де бар. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері студенттердің жеке заттарын алып, қайтармайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген студенттердің ұсталғаны туралы деректер белгілі.
- Мені намазға бара жатқанда ұстады, университетте оқитынымды растайтын құжаттарды көрсеттім, бәрібір алып кетті. Тамақ та, су да бермеді, плитканың үстінде ұйықтадық, дәретханаға да жібермеді. Біз намаз оқымауымыз үшін екі-үш адамнан кісендеп, ақша талап етті, - дейді ұсталғандардың бірі rureporter.com басылымына.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Ресей, Қазақстан және Өзбекстаннан келген отбасылар апта бойы туыстарын таба алмай жүр, оларды көшеден күшпен алып кетуде.
СІМ НЕ ДЕЙДІ
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 15 мамырда Мысырдағы ұсталғандар туралы қазақстандықтардан ресми шағымдар түспегенін мәлімдеді. Ведомство өкілдері қазақстандық дипломаттар студенттермен Мысырдың көші-қон заңнамасын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін нақтылады.