×
510.58
571.8
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.58
571.8
6.34

Хутор бандасы бар ма, жоқ па: Сотталушы жауап беруден бас тартты

Бүгін, 13:27
Хутор бандасы бар ма, жоқ па: Сотталушы жауап беруден бас тартты
Ulysmedia.kz коллажы

Шерзат ісі бойынша айыпталушылардың бірі Нұрқияс Ілиясов оқиға болған күні Шерзат Полаттың апасының қолынан ұстап тұрды дегенді жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сотталушы Нұрқияс Ілиясов «Хутор бандасы» туралы сұраққа жауап беруден бас тартты. Жәбірленуші тарап қорғаушылары одан Instagram парақшасындағы автомат пен «Хутор» деген жазу бейнеленген сурет туралы сұрады. 

Адвокат Мейірман Шекеев сотта Нұрқияс Ілиясовқа тиесілі деген nurkias1998.08 парақшасында соңғы рет 2016 жылы 23 маусымда фото жарияланған. Онда Калашников автоматы мен оқтардан «Хутор» деп жазу бейнеленген. 

“ХУТОРСКИЙ ЖІГІТТЕР”

Бұған дейінгі сот отырысында марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтың оқиға болған күні «Бізді танымайсың ба? Біз Хуторскийдің жігіттерміз» деп айтты деген. Бірақ оның бұл сөзін осыған дейін сотта жауап берген сотталушылардың барлығы жоққа шығарған. Олар «Хутор бандасы» туралы ешқандай сөз айтылған жоқ деген.

СОТТАЛУШЫЛАР

Сотталушыларға тағылған айып: 

Абзал Шынасыл – ҚК 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу), 293-бабы (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау)

Равиль Сәкиев – ҚК 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу)

Азамат Тоқтаубаев – ҚК 293-бабы (Бұзақылық), 188-бабы (Ұрлық)

Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов – ҚК 293-бабының 3-бөлігі (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау)

Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау)

Сот күдіктілерді кінәлі деп таныса, олар 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

ТАЛҒАРДАҒЫ ОҚИҒА 

16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылы 4 қазанда Талғар қаласындағы отбасы жалға алып отырған дүкен маңында өлтірілген. Сатып алушылардың бірімен болған жанжалдың аяғы төбелеске ұласып, Шерзат пышақ жарақатынан мерт болған. Немере ағасы жараланған. Марқұмның туыстары оқиғаға «Хутор» бандасының қатысы бар екенін айтты. Бірақ полиция бұндай топтың барын жоққа шығарды. Топтың басшысы делінген Хасан Қасымбаев өзі жайлы тараған ақпаратты жоққа шығарып, жұрттан өзі туралы жалған ақпарат таратпауды сұрады. Қарашада Қасымбаев 2021 жылғы оқиғаға байланысты «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «Адам ұрлау» баптары бойынша күдікке ілініп, қамауға алынды.

Автор: Есдәулет Қызырбек

Серіктес жаңалықтары