×
510.58
571.8
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.58
571.8
6.34

Шерзат соты: Қаржаубайдың адвокатына шұғыл жедел жәрдем шақырылды

Шерзат соты: Қаржаубайдың адвокатына шұғыл жедел жәрдем шақырылды
Ulysmedia.kz коллажы

Шерзат сотында жәбірленушілердің адвокаты Мейірман Шекеевтің жағдайы күрт нашарлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға орнында жүрген Ұлысмедиа тілшісінің мәліметінше, жедел жәрдем шақырылған. 

- Адвокаттың қан қысымы түсіп кеткен сияқты. Сот залынан шыққанда бозарып, қып-қызыл болып шықты, дейді тілші. 

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Адвокат сот отырысына қатысып отыр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінен кейін жәбірленуші тараптың адвокаты күтпеген оқиғаға тап болған еді. 

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев желідегі парақшасында видео жариялады. Бейнежазбада адвокаттардың бірінің автокөлігін көруге болады. Көліктің дөңгелегінің екі бұрандасы жоқ. 

“Бүгін қазір ғана сот отырысынан шықтық. Мынаған назар аударыңыздар. Бізге жасалған қастандық па, әлде кездейсоқтық па? Оны құдай білсін. Екі болтын шешіп алыпты. Қазір жолда жүргенде бізге өте қауіп туғызатын жағдай бұл”- деді адвокат. 

Соттың Ұлысмедианың Youtube-арнасынан тікелей эфирден көре аласыздар. 

Серіктес жаңалықтары