×
510.58
571.8
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.58
571.8
6.34

"Сау болыңыз!": ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха мәжілісте журналистерден қашып кетті

"Сау болыңыз!": ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха мәжілісте журналистерден қашып кетті
Видео кадры

Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қоғамдық палата отырысынан кейін мәжіліс ғимаратынан асығыс шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бүгін, 16 мамыр күні мәжілісте құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасы талқыланған қоғамдық палата отырысы өтті. Бұл заң жобасын ІІМ орынбасары Игорь Лепеха таныстырды.

Отырыс аяқталған соң бірнеше БАҚ өкілдері Лепехадан түсініктеме алуға тырысты. Шенеунік лифт алдындағы дәлізде бірнеше сұраққа қысқа әрі құлықсыз жауап бергеннен кейін, мәжіліс ғимаратынан асығыс шығып кетті. Қалған журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Атап айтқанда, шенеунік Алматыда қайтыс болған 22 жастағы студент қыздың ісі туралы сұраққа жауап бермеді. Айта кетейік, марқұмның телефонынан азаптау көріністері түсірілген видео табылған болатын.

— Мүмкін, көлік тұрағында талқылаймыз? Сау болыңыздар!, — деп ашулы түрде жауап берді министрдің орынбасары журналистерге.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, бұған дейін 2024 жылы Алматыда көпқабатты үйлердің бірінің жетінші қабатынан құлап, қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның оқиғасы туралы жазған едік. Марқұмның туыстары оның өліміне байланысты әділдікке жете алмай жүргенін айтады. Жақындары Ақнәрдің жетінші қабаттан құлап кеткеніне сенбейді. Олардың сөзінше, марқұм қаза болғанға дейін денесінде азаптау белгілері болған. Бірақ полиция тергеу кезінде оны іс материалдарына қоспаған.

Серіктес жаңалықтары