×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Алаяқтар қазақша сөйлей бастады: полиция жаңа алдау жолы туралы ескертті

Бүгін, 11:49
Алаяқтар қазақша сөйлей бастады: полиция жаңа алдау жолы туралы ескертті
Ulysmedia коллажы

Қазақстан ішкі істер министрлігі алаяқтардың жасанды интеллект қолдана бастағанын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

ІІМ мәліметінше, алаяқтар жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде қолдана бастаған. Олар хабарлама жіберіп немесе қоңырау шалып, банк қызметкерлерінің, полиция өкілдерінің немесе тіпті туыстардың дауысы мен сөйлеу мәнерін айнытпай салып, алдауға тырысады.

Сондай-ақ алаяқтар deepfake технологиясын қолданып, танымал тұлғалар мен туыстардың жалған видеоларын жасап, сенімге кіруге тырысады.

ДӘЙЕКСӨЗ

— Эмоциясыз дауыс, қисынсыз сөйлемдер мен асығыс әрекетке итермелейтін сөздер – алаяқтардың айқын белгілері. Жеке деректеріңізді – ЖСН, банк шоты, құпиясөздер мен SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеңіз. Ақпаратты тек ресми және расталған дереккөздерден алыңыз, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алаяқтар жасөспірімдерді алдап, олардың ата-анасының банк карталарына қол жеткізу үшін онлайн-ойындарды пайдаланып жүргенін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары