Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан, парламенттер спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТТАРЫ
Мемлекет басшысының атына Ресей президенті Владимир Путин, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Италия президенті Серджо Маттарелла, Молдова президенті Майя Санду, Словакия президенті Петер Пеллегрини, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан, Армения премьер-Министрі Никол Пашинян, Ресей Федералды Жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко, Татарстан раисы Рустам Минниханов, ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл және тағы да басқа тұлғалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.
Сонымен қатар еліміздің азаматтары, Қазақстанның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ӘҢГІМЕ
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге бүгін, 17 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен және БАӘ вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.
Шет мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Еске салайық, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды.
Алдыңғы жылдардағыдай, Тоқаев биыл да туған күнін атап өтпейді. Ақорданың баспасөз қызметі бұған дейін президент бұл күнді атап өтпейтінін мәлімдеген. Мемлекет басшысының туған күніне орай ешқандай салтанатты шаралар жоспарланбаған.
Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Тоқаевтар отбасында туған күнді атап өту дәстүрі болмағанын айтқан еді.