Астанада орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тәуелсіздік даңғылының тағы бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
19-20 МАМЫР
Астана әкімдігінің мәліметінше, 19-20 мамыр аралығында Құрманғазы көшесінен бастап Майлин көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
21-22 МАМЫР
Сондай-ақ, 21-22 мамыр күндері Майлин көшесінен бастап Момышұлы даңғылына дейінгі бөлік жартылай жабылады.
Көлік қозғалысы екі бағытта да кезең-кезеңімен жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.