×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Іші ыстық, вагондар қирап жатыр: Қазақстандағы пойыздар сынға ұшырады

Іші ыстық, вагондар қирап жатыр: Қазақстандағы пойыздар сынға ұшырады
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде елдегі теміржол тасымалының сапасына байланысты сын көбейіп барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сынның туындауына Қостанай – Алматы бағыты бойынша қатынайтын №44 пойыз жолаушысының жазбасы себеп болды. Оның айтуынша, сапар “сынаққа толы” болған — Қарағандыда ауа температурасы +38°C болғанда вагондарда кондиционер болмаған, ал пойыз межелі жерге бір сағаттан астам кешігіп жеткен.

- Қостанай – Алматы бағыты бойынша №44 пойыз бір сағаттан аса кешікті. Кондиционерлер жұмыс істемеді. Ата-анам 60 жастан асқан – бұл нағыз қорлау ғой. Шара қолданыңыздар, – деп жазды ол Threads әлеуметтік желісінде.

ЖАУАПТЫ ӨКІЛДЕР НЕ ДЕЙДІ

Резонанс тудырған бұл жазбаға «Жолаушылар тасымалы» АҚ жедел түрде жауап беріп, аталған пойыз құрамын «Түрксіб Астана» ЖШС атты жекеменшік компанияның жүргізетінін, ал бұл компания «Қазақстан темір жолы» құрылымына кірмейтінін түсіндірді. Компания өкілдерінің айтуынша, жекеменшік теміржол тасымалдаушылардың қызметіне бақылауды көлік министрлігі жүргізеді.

- Бұл пойызды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның да, жалпы КТЖ-ның да құрамына кірмейтін жекеменшік тасымалдаушы компания жүргізеді. Мұндай жайттар бойынша шағымдарды Көлік министрлігіне жолдау керек, – деді мекеме өкілдері.

Алайда мұндай жауап жолаушының көңілінен шықпаған.

- ҚТЖ инфрақұрылым операторы ретінде сапасыз әрі денсаулыққа қауіпті қызмет көрсететін компанияларды жолға жібергені үшін жауапты болуы тиіс, – деді ол.

ҚАЗНЕТ НЕ ДЕЙДІ

Бұл жазба өзге желі қолданушылары да пікір білдірді. Көптеген адам пойыздағы қолайсыз жағдайларға байланысты өз басынан өткен оқиғаларын жазып жатыр. Шағымдардың арасында қыс мезгіліндегі суық, тазалықтың болмауы және элементарлық жағдайлардың қамтамасыз етілмеуі жиі кездеседі.

- Қыста немерелеріммен Қостанайдан Астанаға бардық. Наурыз айында, аязда вагонда жылу болмады, балалар бас киіммен ұйықтады, мен оларды барыммен жауып отырдым. Проводниктер вагонның жөндеуде болғанын, орнына ескі вагон тіркелгенін айтты. Дәретханада мұз, сасық иіс, еденде зәр, қағаз да, су да жоқ, – деп жазды тағы бір жолаушы.

Сонымен қатар, пікірлер арасында люкс вагон билеттерінің бағасының тым жоғары екені айтылды. Қолданушылардың айтуынша, мұндай вагондардың жағдайы кейде 20 жыл бұрынғы плацкарттардан да нашар.

Серіктес жаңалықтары