Бұл жүйе 2025 жылдан бастап енгізіліп жатыр және де жүк жөнелтушілер өтінімдерінің қайталануына жол бермейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, 30-дан астам жылжымалы құрам иесі жаңа жүйеге қосылған. Бұл тасымалдау көлемін әдейі асыра бағалауды және қайталанатын өтінімдерді беруді болдырмауға мүмкіндік береді.
Мәселен, жүк жөнелтушілер 2023 жылдан бастап 202,5 млн тоннаға жуық жүк мәлімдеген, оның ішінде жүк жөнелтушілер іс жүзінде 88 млн тоннаға жуық жүк тасымалдаған, бұл ретте ҚТЖ 118 млн тоннаға келісім берген.
– Осылайша, барлық мәлімделген және келісілген жүктердің төрттен бір бөлігін жүк жөнелтушілер тасымалдауды талап етпеген. Бұл мәселе жүйелі сипат алған және жылдар бойы жалғасып жатыр. Бұл инфрақұрылымның өткізу қабілеттілігін жасанды түрде резервтеуге әкеледі және нақты жүктерді тасымалдауға қол жеткізуді шектейді. Енді өтінімдер вагон операторлары мен нақты жүк алушылар растаған кезде ғана қабылданады. Бұл нарық қатысушыларының инфрақұрылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, желіні пайдалану тиімділігін арттыруға және вагондар айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді. Пилоттық жүйені толық апробациядан кейін енгізу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.
Ұлттық компания кейінгі екі жылда елдің теміржол тасымалы жүк айналымының тарихи максимумына жеткенін мәлімдеді. 2025 жылы Ресеймен тасымалдау көлемі 92 млн тоннаға (+3,5 пайыз), Қытаймен – 35,6 млн тоннаға (+11 пайыз), Өзбекстанмен – 32,3 млн тоннаға (+16 пайыз) жетеді.