×
509.51
570.6
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.51
570.6
6.3

Аустралия АҚШ-тан рұқсат алған соң Украинаға Abrams танктерін жеткізе бастады

Бүгін, 14:33
Аустралия АҚШ-тан рұқсат алған соң Украинаға Abrams танктерін жеткізе бастады
Фото : U.S. Army / Patrick Albright

Австралия АҚШ-тың рұқсатынан кейін Украинаға Abrams танктерін жеткізе бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

УАҚЫТЫН ЖАРИЯЛАМАЙДЫ

Аустралия Украинаға арналған 49 Abrams танкінің алғашқысын тиеуді бастады, деп хабарлайды ABC телерадиокорпорациясы.

Қауіпсіздік мақсатында үкімет танктердің Еуропаға қашан жететінін жарияламайды, деп жазады BBC.

Жеткізбес бұрын Аустралия танктерді өндіруші ел – АҚШ-тан экспортқа рұқсат алуға мәжбүр болды.

АҚШ-ТАН РҰҚСАТ АЛА АЛМАҒАН

Аустралия 2024 жылдың қазан айында Украинаға есептен шығарылған танктерді беруге уәде еткен, алайда бірнеше ай бойы АҚШ-тан рұқсат ала алмаған.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ билігі Украина Қарулы Күштеріне ATACMS тактикалық баллистикалық зымырандарын беретінін мәлімдеген еді. Бұл зымырандар майдандағы күштердің тепе-теңдігін айтарлықтай өзгерте алады.

Серіктес жаңалықтары