×
510.78
576.06
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.78
576.06
6.35

"Ең тиімсіз министр": Бейсембаев өзін сынайтындарға не деп жауап берді

"Ең тиімсіз министр": Бейсембаев өзін сынайтындарға не деп жауап берді
Коллаж: ulysmedia.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзін тиімсіз жұмыс істейді деп санайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

- Әркімнің өз пікірі бар. Өз пікірі өзінде қалуы керек деп ойлаймын. Оған мен жауап бермеймін, деп қысқа қайырды министр. 

СЫНАУ

Айта кетейік, білім саласындағы өзекті проблемаларды көтеріп жүрген маман және ұстаз Аятжан Ахметжан оқу-ағарту министрлігінің жұмысын сынаған болатын. 

Аятжан Ахметжанның айтуынша, оқу-ағарту министрлігінің қабылдаған кей өзгерістері жемқорлықтың өршуіне әкелуі мүмкін. Ол былтыр жаңа оқу жылында жаңа министр көргісі келетінін айтқан болатын.

"Дұрыс жүйеге түскен нәрсені құртып жатырса, мен қалай қазіргі министрдің жұмысын дұрыс бағалаймын? Мен Ғани Бейсембаевтың қызметінен кеткенін қалаймын. Жаңа оқу жылында жаңа министр көргім келеді. Қорықпай, жұрт сынаса да, дұрыс шешім қабылдай алатын министр көргім келеді", - деді Аятжан Ахметжан.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, күні кеше Қазақстанда ең көп министр қай қаладан шыққанын жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары