×
510.78
576.06
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.78
576.06
6.35

Астана полициясы «президенттен көмек сұраған» бір топ адамға айыппұл салды

Астана полициясы «президенттен көмек сұраған» бір топ адамға айыппұл салды
Ulysmedia.kz

Астана қаласының Сарыарқа аудандық полициясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, баспасөз мәслихатын өткізген бір топ адамға айыппұл салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Cаяси белсенді Санавар Закированың сөзінше, Қазақстанның әртүрлі аймағынан жиналған 40-тан астам адам сәуірдің ортасында оның Астанадағы пәтерінде баспасөз мәслихатын өткізіп, жеке мәселелерін айтып, президенттің атына үндеу жасаған. Арада бір ай өткенде, 15 мамырдан бастап Сарыарқа аудандық полициясы 9 адамға хаттама толтырып, «тіркелмеген ұйым жұмысына араласу» бабы бойынша айыппұл салған. Белсенді полиция шешімімен келіспейді.


Белсенді Санавар Закирова

– Алдымыздағы бейсенбіден бастап баспасөз мәслихатына қатысқан адамдарды полиция көше, саябақ та  жүрген жерлерінде тоқтатып, әкімшілік заңбұзушылық бойынша хаттама табыстаған, – дейді Санавар Закирова.

ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА

Әкімшілік хаттамада 489-баптың 10-тамағы «Тіркелмеген ұйым жұмысына араласу» көрсетілген.

– 21.04.2025 жылы сағат 12-20-да «Наша Право» тіркелмеген партиясының кеңсесінде (Мекен-жайы) (бастамашысы С. Закирова) «сот шешімдерімен келіспейтіндердің» баспасөз конференциясы өтті. Осылайша, ҚР ӘҚБтК 489-бабының 10-бөлімінде көзделген әкімшілік бұзушылық жасады, – делінген полиция хаттамасында.

Полиция хаттамасында Санавар Закированың пәтері тіркелмеген «Наша Право» партиясының кеңсесі деп көрсетілген. Белсенді 2019 жылы партия құрғысы келгенін жоққа шығармайды. Бірақ ол партия тіркелмегеннен кейін партия құру бастамасынан бас тартқанын айтады. Сөзінше, жеке пәтерінің «Наша Право» партиясымен қатысы жоқ. Баспасөз мәслихатына қатысқан адамдар да ол партияға мүше емес. Санавар Закироваға 200 мың теңге айыппұл салынған.

– 2019 жылы мен шын мәнінде «Наша Право» партиясын тіркегім келді. Ақшам болмағандықтан пәтерімнің бір қабырғасына «Наша Право партиясының штаб пәтері» деген банер ілдім. Артымда фон ретінде пайдалану үшін. Сосын тікелей эфирге шықтым. Бірақ бұл 2019 жылы болған. Онда ешқандай адамдарды қабылдаған жоқпын. Билік менің партия тіркегім келгінін білген соң, 2020 жылы түрмеге қамады. Түрмеден шыққан соң, мен егер билік партия тіркеуге мүмкіндік бермесе, онымен айналысудың қажеті қанша деген шешімге келдім. 2020 жылдан бастап «Наша Право»  партиясымен айналысқан жоқпын. Еш жерде сөйлеген жоқпын, – дейді ол.

2020 жылы Санавар Закированың Алматының Медеу аудандық соты «Бұзақылық ниетпен орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырған. Белсенді сол уақытта тағылған айыптың саяси астары барын айтқан.

Санавар Закирова 2019 жылы «Наша Право» оппозициялық партиясын құратынын мәлімдеген. Партия құрылтайы белгіленген күні Закирова билік тарапынан қысым жасалып жатқанын, жиын өтеді деп белгіленген ғимарат әкімшілігі келісімнен бас тартқанын айтқан. Сол күні белсендінің екі жақтасы Әлнұр Ильяшев пен Марат Тұрымбетовті полиция үйінің алдынан ұстап, кейіннен босатқан.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Адвокат Жанар Балғабаева Астананың Сарыарқа аудандық полициясының әрекеті заңсыз дейін. Ол баспасөз мәслихатына қатысушыларға салынған айыпқа қарсы сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

­– Заң мен құқықтық тәртіпті сақтайтын [органдардың] өзі ешқандай себепсіз азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр. Олардың  іс-әрекетінде ешқандай заңбұзушылық белгілері жоқ. Бұл азаматтар өздерінің жанына басқан жеке мәселелерін айтып, баспасөз мәслихатын өткізді. Осы үшін оларды әкімшілік жауапкершілікке тартып жатыр, – деді адвокат.

Профессор Есенғазы Қуандықтың сөзінше, сәуірдегі баспасөз мәслихатына қатысқандар шағымдарын президент әкімшілігіне өткізген. Бірақ одан қандай да бір жауап келеді деген үкім жоқ дейді ол. Сөзінше, бұған дейін де бірнеше рет шағымын айтып, хат жолдаған. Бірақ барлығында да мардымды жауап ала алмаған.

Серіктес жаңалықтары