Қазақстан үкіметі чипс өндірісі үшін күлкіге қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қазақстанда чипс өндірісін жергіліктендіру туралы үкіметтің жоспары қоғамда сынға ұшырады. Қоғам белсендісі Санжар Боқаев бұл бастаманы мазаққа айналдырды. Бұған дейін елімізде арнайы картоп сорттарын өсіріп, чипс өндірісін толықтай 2035 жылға дейін жергіліктендіру жоспарланғаны хабарланған болатын. Бұл жобаға 160 миллион доллар жұмсалмақ.
Боқаев қалыптасқан жағдайды «треш» деп бағалап, чипсті асүйде-ақ оңай дайындауға болатынын көрсетіп, мысқылдады.
БОҚАЕВТЫҢ СЫНЫ
– Бұл жобаны іске асыру үшін қандай 160 миллион доллар қажет екенін түсінбеймін! Демек, өзіміздің ұннан ештеңе өндірмейміз, өзіміздің мыстан да, алюминийден де ештеңе жасамаймыз, жүгеріміз шіріп жатыр... Бірақ сіздер ең зиян өнім – чипсты шығаруға бел будыңыздар, ол үшін өзімізде жетіспейтін картопты пайдаланбақсыздар. Бізде картоп тапшылығы бар. Қытайдан, Мысырдан, Пәкістаннан тасимыз. Картоптың бағасы аспандап тұр! Чипс өндірісі деген не? Бұл – Қазақстанда ешқандай өндірістік саясаттың жоқ екенін тағы да дәлелдейді, – деді Боқаев.
БҰҒАН ДЕЙІН
Өткен жылы Қазақстанда картоп тапшылығы байқалған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жағдайды Өзбекстан тарапынан сұраныстың күрт артуымен түсіндірген болатын.
– Соңғы 10 жылда мұндай экспорт болған емес – шамамен 600 мың тонна. Ал импорт көлемі бұл санның небәрі 10%-ын, яғни 60 мың тоннаны құрады, – деді министр Айдарбек Сапаров.
Ол биыл мұндай жағдай қайталанбайтынына уәде берген.