×
510.59
578.91
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.59
578.91
6.37

ҚазМұнайГаздан Air Astana-ға дейін: ұлттық компаниялар дивиденд ретінде жүздеген миллиард теңге төлейді

Бүгін, 13:50
ҚазМұнайГаздан Air Astana-ға дейін: ұлттық компаниялар дивиденд ретінде жүздеген миллиард теңге төлейді
Ұлысмедиа коллажы

Ұлттық компаниялар Қазақстанның бюджетіне түскен дивидендтерді аударып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өзі әзірге дивидендке қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ. Алайда бірқатар еншілес компаниялары бұл мәселеде айқын шешімге келіп үлгерген, деп жазады ranking.kz.

Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының директорлар кеңесі акционерлерге 2024 жыл үшін 300 млрд теңге көлемінде дивиденд бөлуді ұсынды. Бұл – ұлттық компанияның былтырғы таза пайдасының 27,4 пайызына тең. Дегенмен, бұл әзірге тек ұсыныс екенін атап өткен жөн – түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Осындай жағдай «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясында да қайталанып отыр. Компанияның қолданыстағы дивидендтік саясатына сәйкес, ұсынылған дивидендтің жалпы сомасы – 327,9 млрд теңге, бұл – бос ақша ағынының 75 пайызы.

Ал «Қазақтелеком» АҚ дивиденд төлеу туралы нақты шешім қабылдады. Компания 2024 жыл үшін 74,2 млрд теңге дивиденд төлейді. Бұл шамамен таза табыстың 100 пайызына жуық ақша. Сонымен қатар, бұрын бөлінбей қалған кірістің бір бөлігін – 219,3 млрд теңгені де дивиденд ретінде үлестіру шешімі қабылданды.

Өз кезегінде, «KEGOC» АҚ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына 22,7 млрд теңге көлемінде дивидендті төледі. Компания екінші жартыжылдық үшін де 22,3 млрд теңге дивиденд төлеуді жоспарлап отыр, бірақ бұл әзірге тек ниет күйінде.

Шешім қабылдағандардың қатарында «Самұрық-Энерго» АҚ да бар: компания 2024 жыл үшін 20,6 млрд теңге немесе таза табысының 18,3 пайызын дивиденд ретінде бөлмек.

Сонымен қатар, «Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесі 2024 жыл үшін 6,3 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеуді, сондай-ақ 12,8 млрд теңге арнайы дивиденд бөлуді ұсынды.

Ал «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «Қазпошта» АҚ 2024 жылға арналған жай акциялар бойынша дивиденд төлемеуді шешті.

Қалған еншілес ұйымдар бойынша әзірге шешім қабылданған жоқ.

«Бәйтерек»

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдиңі 2024 жыл үшін 61,2 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі. Холдинг құрамындағы еншілес ұйымдардың ішінде қазірге дейін тек екеуі ғана дивиденд төлеген.

Атап айтқанда, «Қазақстанның даму банкі» 67,3 млрд теңге, ал «Qazaqstan Investment Corporation» – 2,2 млрд теңге (яғни компанияның таза табысының 70 пайызы) көлемінде дивиденд бөлді.

Жалпы алғанда, ұлттық компаниялар дивиденд төлеуге асығар емес, ал төлеген күннің өзінде, табысының үлкен бөлігін бөлмей отыр.

Серіктес жаңалықтары