×
510.59
578.91
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.59
578.91
6.37

"Нағыз сұмдық!" - Мәскеуге көшіп кеткен алматылық әйел жанайқайын жеткізді

"Нағыз сұмдық!" - Мәскеуге көшіп кеткен алматылық әйел жанайқайын жеткізді
фото: kasheloff.ru

Алматылық әйел Мәскеуге қоныс аударғаннан кейін қандай қиындықтарға тап болғанын ашып айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әйелдің айтуынша, ол Ресейге қоныс аудару бағдарламасы аясында көшіп барған. Мұндай жағдайларда Ресей билігі көшу процесінен бастап жәрдемақы төлеуге дейін көмек көрсетілетініне уәде береді.

Алайда іс жүзінде отбасы қиындықтарға бастан-аяқ тап болған. Ең негізгі мәселе – баланы мектепке орналастыру болған.

– Бұл жаққа дайындалып жатқан кезде ақпарат оқып, кеңес алдым. Маған 13 жастағы қызымды мектепке тез қабылдайтынын айтты. Мен Ресей заңдарында өзгешеліктер болуы мүмкін екенін ойламай, қызымды үшінші тоқсаннан кейін алып кеттім. Каникул кезінде ең қажетті деген құжаттарды жинадым. Бірақ мектепке қабылдау үшін толық құжаттар пакеті керек екенін білгенде қатты таңғалдым. Өзімді кінәлаймын, дұрыс зерттемеппін. Енді бір ай, екі ай өтті, қызымның да, менің де құжаттарым толық. Тек азаматтық жоқ. Соған қарамастан мені қабылдамай отыр. Тіпті мектеп директорымен кездесуге мүмкіндік бермейді. Тек телефон арқылы: «Өтініштер тек онлайн қабылданады» деп жауап береді, – дейді әйел.

Алайда мемлекеттік қызметтер порталында құжаттарды толық рәсімдеу де мәселені шешпеген.

– Бұл өтініштер мектеп директорларына мүлде жетпейтін шығар немесе олар оны өз пайдасына қолданып, бұра тартатын болар. Мен жанжал шығармайтын, заңға бағынышты адаммын – енді соның өзіме зияны тиіп отыр. Қазіргі заманда бұл мен үшін де, қызым үшін де кедергі болып тұр. Бұл нағыз сұмдық!, – деп күйінді видеодағы автор.

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Пайдаланушылар әйелдің жақсы өмір іздеп кетіп, Ресейдің қазіргі шындығына дайын болмағанын жазуда. Кейбірі оған сабыр сақтауға кеңес беріп, бұл таңдауды өзі жасағанын еске салды. Басқалары Қазақстаннан кеткен соң өкініп қалғандар туралы өз оқиғаларын бөлісті.

Серіктес жаңалықтары