×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

Қазақстан тірі мал экспортын шектегелі Өзбекстанда ет күрт қымбаттап кетті

Бүгін, 09:00
Қазақстан тірі мал экспортын шектегелі Өзбекстанда ет күрт қымбаттап кетті
Фото: Евгений Сорочин/Газета.uz

2024 жылдың наурыз айында Өзбекстанда ет бағасы айына 6,1 пайызға, жылдық есеппен салыстырғанда 21,6 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы елдің орталық банкі хабарлап, бағаның күрт өсуін көршілес елдердегі экспорттық шектеулер салдарынан ішкі нарықтағы ұсыныстың азаюымен және импорт бағасының өсуімен байланыстырады. Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан бұған дейін осы елге тірі малдың экспортын шектеген болатын. Сол себепті Өзбекстанда ет импорты бұрын-соңды болмаған қарқынмен артып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан орталық банкінің есебінде азық-түлік саласында базалық инфляцияның жылдамдауының негізгі себептерінің бірі – еттің қымбаттауы екені көрсетілген. Желтоқсанмен салыстырғанда азық-түлікке қатысты базалық инфляция 1,4 пайыздық тармаққа артқан. Сонымен қатар, өсімдік майларының бағасы да көтерілген. Банктің пайымынша, бұл дүниежүзілік нарықтағы қымбатшылыққа байланысты.

2024 жылы жеміс-көкөніс өнімдерінің арзандауы жалпы инфляцияны тежесе, 2025 жылы бұл жағдай өзгеруі мүмкін – аталған өнімдер бағаның өсуіне кері әсер етуі ықтимал.

ӨЗБЕКСТАН НАРЫҒЫНА ҚЫСЫМ

Ет бағасының күрт қымбаттағанда Қазақстан 2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын шетелге шығаруға жарты жылға шектеу қойған. Бұл шектеу 2025 жылы 14 наурызда аяқталуы тиіс еді, алайда 9 сәуірде тағы жарты жылға ұзартылды.

2023 жылы Қырғызстан да Өзбекстанға ет тасымалына уақытша тыйым салған. Ел билігі бұған Өзбекстанға экспорттың артуы себеп болғанын, соның салдарынан ішкі нарықта баға шарықтағанын мәлімдеген. 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап Қырғызстан ірі қара, ұсақ мал мен жылқыны үшінші елдерге экспорттауға уақытша шектеу енгізді. 

ИМПОРТ РЕКОРДТЫ КӨРСЕТТІ

Өзбекстан кеден комитетінің дерегінше, 2025 жылдың алғашқы төрт айында елдің ет импорты 197,1 миллион долларға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 66,3 пайызға артық. Импорттың негізгі бөлігін сиыр еті құраған – 156,2 миллион доллар немесе 86,8 пайызға өскен. Физикалық өлшеммен алғанда, 2024 жылдың қаңтар–сәуірінде 21,5 мың тонна болса, 2025 жылы 38,7 мың тоннаға жеткен (+78,8%). Тауық еті де 24,8 пайызға артып, 18 мың тоннаға жеткен. Құны – 22 миллион доллар (+33,6%). Қой етінің импорты 2,8 есеге өсіп, 6 333 тоннаға жеткен. Құны – 6,5 миллион доллар (өсім – 1%).

2025 жылдың сәуір айында Өзбекстан жалпы құны 58,9 миллион доллар болатын ет өнімін импорттаған. Оның ішінде 47,7 миллион доллары сиыр етіне тиесілі – бұл жаңа рекорд. Мысалы, наурызда бұл көрсеткіш 40,2 миллион доллар болған. Былтырғы сәуірмен салыстырғанда сиыр еті импорты 1,91 есеге артқан.

Серіктес жаңалықтары