×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

Елден кетіп қалған Тұрсынов антикордың "аңдуына" қатысты мәлімдеме жасады

Елден кетіп қалған Тұрсынов антикордың "аңдуына" қатысты мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Режиссер Ермек Тұрсынов өзіне қатысты Антикоррупциялық қызметтің "аңдуы" жөнінде тараған ақпараттарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тұрсынов соңғы 2-3 айда өзіне қарсы ақпараттық шабуылдар күшейгенін атап өтті. Оның айтуынша, "әшкерелеу" материалдары авторсыз жарияланып жатыр. Аноним мәтіндерде фильм түсіру кезінде мемлекет қаржысын жымқыру туралы, сондай-ақ режиссер мемлекеттік қаржыға түсіруге тиіс болған «Бесмойнак» фильмі мүлде таспаланбағаны жайлы жазылған.

АНТИКОРДЫҢ “АҢДУЫ”

– Егер тексергісі келсе, тексере берсін. Мен оған араласпаймын. Бірақ қанша жыл тексеруге болады? Егер шынымен ақша жымқыруға қатысым болса, баяғыда сотталып кететін едім. Олар (Антикор) не іздеп жүргенін білмеймін. Оның үстіне, егер фильм мемлекет қаржысына түсірілсе, бұл – «Қазақфильмнің» шаруасы. Мені режиссер ретінде жалдайды, түсірілім тобы жинақталады. Түсірілім біткен соң, мен картинаны «Қазақфильмге» тапсырамын. Одан кейін фильмді сата ма, прокатқа шығара ма – ол менің шаруам емес, – деді Тұрсынов.

“БЕСМОЙНАҚ” ТУРАЛЫ

Тұрсыновтың айтуынша, бұл фильм 4-5 жыл бұрын-ақ дайын болған. Жобаны қаржыландырған – ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.

– Түсірілім мен постпродакшн аяқталған соң, мен фильмді Астанада билік өкілдеріне көрсеттім. Ол кездегі министр мен орынбасарлары фильмді ерекше ықыласпен қабылдады. Кейін Астана мен Алматыда жабық премьералар өтті. Сосын министр ауысты, орнына Балаева келді. Белгісіз себептермен, оған фильм ұнамады. Ондай жағдай болып тұрады, себебі әркімнің талғамы әртүрлі. Содан бері фильм “сөреде” жатыр. Ешкім ешқандай қаржыны жымқырған жоқ, фильм дайын, – деп мәлімдеді режиссер.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, мұның алдында режиссер Ермек Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кетіп қалғанын хабарлаған едік. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тұрсынов не үшін елден кеткенін ұзын-сонар жазбада толығырақ баян етеді

Серіктес жаңалықтары