Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы – Уәлихан Бишімбаев пен Әлмира Нұрлыбекованың арызын жартылай қанағаттандырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Олар өздерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратты деп туыстары Кайрат Кемеловты сотқа берген болатын. Талапқа негіз болған – Кемеловтың 2025 жылғы 14 қаңтарда YouTube-тегі «Айран» арнасына берген сұхбатындағы екі пікір.
Сот шешімі бойынша, Кемеловтың тікелей эфирде айтқан мына екі сөзі шындыққа жанаспайды және талапкерлердің ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін деп танылды:
РЕСМИ ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУЫ КЕРЕК
Сот Кемеловты осы екі пікірді айтқан сол YouTube-арнада – «Айранда» ресми түрде теріске шығаруға міндеттеді.
ӨТЕМАҚЫ
Бұдан бөлек, Кемелов моральдық зиян ретінде Уәлихан Бишімбаев пен Альмира Нұрлыбековаға әрқайсысына 100 000 теңгеден төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, талапкерлердің өкілдік шығындары мен мемлекеттік бажы да өтеледі: Уәлихан Бишімбаев үшін – 200 000 теңге өкілдік шығын және 4 932 теңге мемлекеттік баж, ал Әлмира Нұрлыбекова үшін – 200 000 теңге өкілдік шығын, 75 000 теңге нотариус қызметі және 4 932 теңге баж. Жалпы Кемелов төлеуге тиіс сома – 610 000 теңге.
БАСТАПҚЫДА 8 МЛН ТАЛАП ЕТКЕН
Айта кету керек, Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы бастапқыда 8 миллион теңгеден, яғни жалпы 16 миллион теңге моральдық өтемақы талап еткен болатын. Алайда бұл талап толық көлемде қанағаттандырылған жоқ.
Сот шешімі жарияланған күннен бастап бір ай ішінде апелляциялық шағым түсіруге немесе прокурордың наразылығын білдіруге болады. Шағым Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына берілуі тиіс. Ал сот процесіне қатыспаған тараптар үшін бұл мерзім шешім көшірмесі жолданған күннен бастап есептеледі.