×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

Бағлан Майлыбаев «ұлтшылдар» деп бәрімізді қудалады – Берік Әбдіғалиұлы

Бүгін, 14:31
Бағлан Майлыбаев «ұлтшылдар» деп бәрімізді қудалады – Берік Әбдіғалиұлы
Ұлысмедиа коллажы

Журналист Ерболат Мұхамеджанның "Уәде" бағдарламасына сұхбат берген белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлы кезінде өзін кімдер қудалағанын ашық айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ НЕ ДЕЙДІ

Сұхбат барысында Берік Әбдіғалиұлы белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын атып кеткен кезде мемлекеттік қызметке енді келмеймін деп ойлағанын, сол тұста өзіне қазір билікте жүрген бірқатар азаматтар көмек қолын созғанын айтады. Өзі Алаш әскері тақырыбын зерттеп, үш жыл бойы жазып шыққанын атап өтеді. 

Заман өзгерді. Мені қудалаған жігіттер кетті, оның орнына басқа жігіттер келді. Қайтадан қызметке шақырды. Сөйтіп, мен 2017 жылы “Қасиетті Қазақстан” жобасына келдім, – дейді ол.

“Сізді сонда кім қудалады” деген сұраққа Берік Әбдіғалиұлы бір кездері Президент әкімшілігінде болған Бағлан Майлыбаевты атады.

Солар бастады. Менің естіген ақпаратым бойынша сол кісіні айтты. Мен ғана емес, “ұлтшылдар” деп басқа кісілерге де тиісті. Естуімше, Ерлан Тынымбайұлына, Айдос Сарымға, тіпті Марат Тәжинге де – бәрімізге. Оны маған Марат Тәжиннің өзі айтты. Мәскеуде архивте жүрген кезде сәлем Марат Тәжинге беріп кіріп шыққан кезім еді. Ол кісі маған қолдау көрсетіп, қонақ үйде тегін тұрғызды. Бұл маған үлкен қолдау-тұғын. Соның арқасында жаздым, – дейді ол.

БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ ЖАЙЛЫ

Қазақстанның белгілі саясаткері, тарихшы, қоғам қайраткері. Ол 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген.

Берік Әбдіғалиұлы түрлі мемлекеттік құрылымдарда жауапты қызметтер атқарған. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, сондай-ақ қауіпсіздік кеңесінің аналитикалық орталығында жұмыс істеген. 2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімінің орынбасары, 2010-2012 жылдары Жезқазған қаласының әкімі, 2012 жылы Арқалық қаласының әкімі, 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылы мәжілісі депутаты болып сайланды. 2022 жылдың маусымында жаңадан құрылған Ұлытау облысының тұңғыш әкімі болып тағайындалып, 2024 жылдың қазанына дейін осы қызметті атқарды.

Берік Әбдіғалиұлы «Архив-2025» ғылыми-методикалық орталығының жетекшісі, Ұлттық музейдің директоры қызметін атқарған. Ол «Қасиетті Қазақстан», «Алашорда әскері», «Қазақ болайық» сияқты тарихи-танымдық жобалар мен еңбектердің авторы. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде белсенді жұмыс жүргізген.

БАҒЛАН МАЙЛЫБАЕВ ДЕГЕН КІМ

Бағлан Майлыбаев бір кездері жоғары лауазымды шенеунік болған. Заң ғылымдарының докторы. 1998 жылы Ресей президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында саясаттану бойынша PhD дәрежесін қорғаған. 2002 жылы заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алған.

Майлыбаев 2004 жылдан бастап президент баспасөз қызметінің жетекшісі, мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды. 

Ол 2017 жылы мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату және жария ету айыбы бойынша қамауға алынды. Астана қалалық соты сол жылы оны 5 жылға бас бостандығынан айырған.

Серіктес жаңалықтары