Ресейдің құқық қорғау органдары бірнеше жылдан бері Қазақстан азаматтарының интернеттегі белсенділігін бақылап келеді. Олар "антиресейлік мазмұндағы" жарияланымдарды анықтауға тырысуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Бас прокуратураға "Ресейге шетелдік дереккөздерден келетін зиянды мемлекеттік деңгейде бақылауды" күшейтуді тапсырған.
Asiais басылымының сарапшылары мұны Ресейге қарсы күшейіп келе жатқан гибридтік соғысқа берілген жауап деп бағалаған. Олардың пікірінше, Ресейдің уәкілетті органдары бірнеше жылдан бері Қазақстандағы ақпараттық кеңістікті, жалпы ахуалды және нақты тұлғаларға қатысты контентті жүйелі түрде бақылап отыр.
ҚАЗНЕТ БАҚЫЛАУДА
Басылым дерегінше, бұл мониторинг аясында Қазақстан азаматтарына ерекше назар аударылып отыр.
– Бақылауға барлық шетелдік құрылымдар мен азаматтар ілігеді, олар достас елде орналасқан ба, әлде қарсы мемлекетте ме – бәрібір. Қазақстанға қызығушылық артады деп күтілуде, себебі ол – Ресейдің шекаралас көршісі, ЕАЭО мен ҰҚШҰ мүшесі. Ескі жазбалар мен видеоларды өшіріп тастағандар жазадан құтыла алмайды. Өйткені бақылау жүйесі әлдеқашан іске қосылған, ал интернет ештеңені ұмытпайды, – делінген мақалада.