×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

«Бір жарым литр қан кеткен»: Шерзат сотында сарапшы Халимназаров жауап берді

«Бір жарым литр қан кеткен»: Шерзат сотында сарапшы Халимназаров жауап берді
ulysmedia коллажы

2024 жылы Талғардағы төбелес кезінде қаза болған Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысына тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровтан жауап алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«БІР ЖАРЫМ ЛИТР ҚАН КЕТКЕН»

Тахир Халимназаров марқұм Шерзат Полаттың мәйітіне қосымша сараптама жасаған. Ол іске жәбірленуші тараптың өтініші бойынша шақырылған. Сарапшының сөзінше, Шерзат Полаттың өліміне пышақ жарақаты салдарынан көп қан жоғалтуы себеп болған.

 Қан тез жоғалтқан кезде адамның жағдайы ауыр болады. Бір литр қан кеткенде адамның өміріне қауіпті. Бұл жерде бір жарым литр қан кеткен. Бір литр қан кеткен кезде көмек көрсетілгенде аман алып қалуға болар еді... Сыртқы дене жарақаттары өлімге алып келмейді. Бұл жерде өлім себебі көп мөлшерде қан жоғалту болып тұр ғой. Ал сыртқы жарақаттар қан жоғалтуға алып келе алмайды. Сол үшін өлім себебімен байланысты емес, – деді Халимназаров.

Бұған дейін Шерзат Полаттың мәйітіне сот-медициналық сараптама жасаған маман Мұхит Көшеров те марқұмның өліміне пышақ жарақаты себеп болғанын айтқан.

Тікелей қазаға ұшырауына сол жақ кеуде қуысына шаншыла кірген жарақат себеп болған. Сол жақ өкпесінің жарақаты. Гематркс. Плевра қуысына 1500 милилитр қанның жиналуы, – деген сарапшы.

«ШЕРЗАТТЫ ӨЛТІРГЕН ЖОҚПЫН»

Бұған дейін Абзал Шынасыл сотта берген жауабында Шерзат Полатты өлтірмегенін, Нұрқанат Ғайыпбаевтың жамбасына пышақ ұрғанын айтқан. Ал Ғайыпбаев тергеу кезінде Шерзат Полатқа Абзал Шынасыл пысақ салды деген.

ТАҒЫЛҒАН АЙЫП ПЕН СОТТАЛУШЫЛАР

Іс бойынша Абзал Шынасылдан өзге Равиль Сәкиев, Азамат Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) күдікті деп танылған. Оларға «Адам өлтіу», «Қылмысқа дайындалу және оқталу», «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау», «Бұзақылық» және «Ұрлық» бабы бойынша айып тағылған.

Серіктес жаңалықтары