Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір жол учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Алаш тасжолында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Атап айтқанда, жөндеу 191-көшеден 69-көшеге дейінгі аралықта жүргізіледі.
Осыған байланысты 25 мамыр мен 29 мамыр аралығында бұл жол бөлігінде қозғалыс жартылай шектеледі.
Көлік қозғалысы кезең-кезеңімен жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Астанада орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тәуелсіздік даңғылының тағы бір бөлігі уақытша жабылған еді.